Қала және ауыл мектеп оқушылардың арасында өткізілетін айтыстың әдістемелік ұсынысы

Қазақтың айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл - өнер жарысы, сөз сайысы. Академик – жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, «Айтыс – сөз барымтасы».
Ертеде жазу өнері болмаған кезде, қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы айтыс өлеңдері туды. Қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты және жазу өнері болмаған кезінде туып қалыптасқан. Оны тудырғандар да, дамытқан да ақындар болған.
Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушыларға айтыстың берері мол. Ол қазақтың киелі домбырасының қасиеттілігін біліп қоймай, шертіп үйренеді. Сөз мәнері мен ұйқастарды, теңдеулерді таба білуге, жалпы айтқанда сөз өнеріне үйретеді.  
Аудан, ауыл және қала мектептерінің арасындағы
1-ші қалалық жас ақындар айтысының  
Сценариі
(сахынаның шымылдығы жабық)
Салтанатты ашылу әуені.
Жүргізіші 2: Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Жүргізіші 1: Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім
(сахынаның шымылдығы ашылады)
Құрманқазы күйі «Ерке сылқым» орындайтын №26 мектеп гимназиясының ансамблі Салтанатты ашылу әуені.
Жүргізіші 2: Сахына төрінде «Ерке сылқым» күйімен өнер көрсеткен №26 мектеп-гимназиясының ұстаздарына қошыметтеріңіз.
Жүргізушілер сахынаға шығады
Жүргізіші 1: Ассалаумағалеукум, құрметті қонақтар мен қатысушылар!
Жүргізіші 2: Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Жүргізіші 1: Я, шіркін, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!
Жүргізіші 2: Расында да, Қуаныш дұрыс айтасыз. Елбасы Нұрсұлан Назарбаев айтқандай, бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ал, өз халқының салт-дәстүрі мен бар өнерін бойына сіңіріп өскен баланың халқы үшін жасайтын игі істері мол болары хақ.
Жүргізіші 1: Айнагүл, халқымыздың ежелден келе жатқан өнердің бірі - айтыс. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін, Екібастұз қаласының 60 жылдық мерей тойы қарсаңында, аудан, ауыл және қала мектептерінің 11-16 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізіліп жатқан, 1-ші қалалық жас ақындар айтысына
Жүргізіші 1, 2: қош келдіңіздер.
Жүргізіші 2: Бүгінгі айтысқа қатысатын оқушыларды қошыметпен ортаға шақырайық:
(оқушылар сахына төріне шығып, сахынада қалады)
1.    Базарбай  Азамат Омарұлы Шәкен Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушысы
2.    Арғынбай Азамат ЕржанұлыШ әкен Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушысы
3.    Әкіш Гаухар Серікқызы № 17 мектеп оқушысы
4.    Кәкімсеит Дінхан Бағдатұлы № 4 мектеп оқушысы
5.    Бағдатқызы Таңшолпан № 11 мектеп оқушысы
6.    Каликулова Данагүл Қанатбекқызы Атығай жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы
7.    Канленов Нұржан Бауыржанұлы № 18 мектеп оқушысы
8.    Мырзабаев Мейірбек Нұрмаханұлы №18 мектеп оқушысы
9.    Қайдаров Бексұлтан Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №22 мектеп гимназиясының оқушысы
10.    Даулетбайқызы  Махаббат № 11 мектеп оқушысы
Жүргізіші 1: Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады.
Жүргізіші 2: Жас ақындардың өнеріне, Қуаныш өзіңіз айтқандай, сөз мазмұны мен көркемдік жақтарына біздің әділ қазы мүшелері баға беретін болады. Ендеше, әділ қазы мүшелерімен таныс болайық.

ФОН  қазы мүшелері
Жүргізіші 1: 1. Екібастұз қаласы педагог қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Рақымжанова Алима Сағидуллақызы
2.    Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиеті бойынша әдіскер Дулат Тыныбеков
3.    «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешен директоры Клепица Фарзия Ниязытқызы
4.    Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, қазылар алқасының төрағасы Садуақасов Жассерік Жәлілұлы
5.    Зейнеткер, поэзия өнерінің жанашыры, «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сағындықова Маруаш Жолтанқызы.
Жүргізіші 2: Қуаныш, сіз білесіз бе? Бүгін біздің жас ақындарымызды, қала, облыс тіпті республика аумағына танылған айтыскер ақын ұстаздар дайындаған. Айтыскер ақын Бағдат Әлекбаев, Баянауыл ауданын келгент айтыскер ақын Танат Ахатов, Айтыскер ақын Қайрат Нұрқанат, Нұрмахан Байбешов және Жанақбай Қалмағанбетов. Қошеметтеріңіз.  
Жүргізіші 1: Алдын-ала жұпталған қатысушыларға айтысуға бар болғаны 10 минут уақыт берілетіні ескертеміз.
Жүргізіші 2: Сондай-ақ, қазы мүшелері таңдалған тақырыптың мәні мен маңыздылығына, сахналық мәдениетіне, әртістік шеберлік яғни сөз саптауы, жүріс-тұрысы, дауыс ырғағы, сөзінің анықтығы, сахнада өзін ұстай білуіне көңіл бөледі.
Жүргізіші 1: Ал, ережемен сәл таныстық, ендеше оқушыларды сахына сыртына қошыметтеріңізбен шығарып салайық.
Жүргізіші 2: Қуаныш, жас айтыскер ақындарымыз, қаламыздағы өнердің ақ ордасы Қайнарымызда алғаш рет айтысайын деп жатыр. Өзің білесің, қазақ халқы өте қонақ жай халық. Сондықтан мен сахына сыртында жас болса да, құрметті ақындарымызға ыстық шәй дайындайын.   
Жүргізіші 1: Бәрекелді, ал мен Айнагүл, жереби арқылы белгілі болғандай сахына төріне алғашқы жұпты шақырайын.

ФОН (Қуаныш сахынада тұрған стол басына жайғасады)
Жүргізіші 1: Бүгінгі оқушы айтыскерілеріміз жас, сахынаға алғаш шығып өз өнерлерін, сөз шеберліктерін көрсетпекші, сондықтан қошыметтеп, қолдап отырыңыздар. Алғашқы жұпты шақырайық:Мырзабаев Мейірбек Нұрмаханұлы №18 мектеп оқушысы және Даулетбайқызы  Махаббат № 11 мектеп оқушысы
Жүргізіші 1: Сахына төріне келесі жұбымызды шақырайық.
Канленов Нұржан Бауыржанұлы № 18 мектеп оқушысы
Бағдатқызы Таңшолпан № 11 мектеп оқушысы
Жүргізіші 1: Бәркелді, сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен жұптар алғаш рет айтысып тұрса, келесі жұптың бірі айтыстарда қатысып, тәжірбие жинаған оқушы. Баян ауыл ауданынан келген Базарбай  Азамат Омарұлы, Шәкен Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушысы  және Азаматпен айтысатын Екібастұз қаласындағы № 17 мектептің оқушысы Әкіш Гаухар Серікқызы.
Жүргізіші 1: Бүгінгі 1-ші қалалық жас ақындар айтысының ең жас айтыскерлерінен құрылған жұпты қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.  Кәкімсеит Дінхан Бағдатұлы № 4 мектеп 5 сынып оқушысы және  Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №22 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан.
Жүргізіші 1: Бүгінгі айтысымыздың соңғы жұбы, Атығай жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Каликулова Данагүл Қанатбекқызы, Данагүлмен айтысатын Баянауылдық сері жігіт Арғынбай Азамат Ержанұлы Ш.Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушысы.
Жүргізіші 1: Жас айтыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетіп болды. Енді әділ қазы мүшелері айтыскерлерімізді қызу талқылап, нақты нәтежесін шығару үшін бөгде бөлмеге шығарып салайық. Қорытынды дайын болғанша, 15 минуттік үзіліс жариялаймыз.
(15 минуттік үзіліс)

ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ  
Жүргізіші 1: Сахына төріне барлық қатысушыларды қошыметтеріңізбен шақырамыз.
Фон
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі тұмар тағылса да.
Жас ақын өнерінің барын салды,
Кей жерде қара сөзден жаңылса да – дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

МАРАПАТТАУ  РӘСІМІ
Айтысқа қатысқан оқушыларға, оларды дайындаған жетекшілерге, мектеп басшыларына өз алғыстарымызды жеткізе отырып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер. Ал, жеңімпаздарға 20 наурызда өтетін облыстық жарыста сәттілік тілейміз.
Шавдирова Айнагүл Сәрсенбайқызы «Қайнар» ББҚК мәдени шараларды ұйымдастырушы