Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі

Балаларды зерттеуді тек ғалымдар-психологтар ғана жүргізбейді. Балалбақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге, олардың даму ерекшелігтерін қадағалауы тиіс. Балаларды тәрбиешілердің зерттеуінің ғылыми-психологиялық зерттеуден айырмашылығы бар. Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты бөлек, ол баланың психикалық дамуына жалпы заңдылықтарын белгілемейді, оның орнына өзіне жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Соған қарамастан баланы зерттеудің тәрбиеші пайдалануға болатын әдістері ғылыми-психологиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болады.
Тәрбиешінің балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі шарты-балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын анық білу, дамудың себептері мен шарттарының жас шағына байланысты кезеңдерін білу. Бұларды білу тәрбиешіге неге, баланың қандай қылығына алдымен көңіл аудару керектігін көрсетеді, әр балаға қай тұрғыдан келуді үйретеді, жекелеген балалардың дамуындағы кейбір ауытқушылықтардың себептері туралы болжам жасауға және осы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған тәрбиелік әсер етудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші үнемі балалардың арасында болғандықтан, оларды табиғи жағдайда зерттей алады, өйткені оның болуы сәбилер үшін үйреншікті нәрсе болып көрінеді де, олардың әдеттегі іс –әрекетін бұзбайды. Әрине, тәрбиеші әлде бір баланы әдейі зерттейін демесе де, оның мінез-құлқындағы көптеген нәрсені байқайды, сөйтіп ол жөніңде белгілі бір пікірге келеді. Дегенмен, арнайы зерттеулер мұндай пікірдің жартылай ғана дұрыс болатынын көрсетіп отыр. Топтағы балалардың барлығының немесе тіпті бірнешеуінің мінез-құлқын бірден зерттеу мүмкін емес. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуі үшін тәрбиеші белгілі мерзімде(ең болмаса бірнеше күнге) бүккіл назарын бір балаға аудару керек.
Баланы ойдағыдай зерттеудің міндетті шарты алдына айқын мақсат қою болып табылады. Егер тәрбиеші бала дамуын жан-жақты білгісі келсе, онда бәрін бірден емес, бір-бірлеп зертегені дұрыс. Мәселен , алдымен баланың немен әуестенетінің, сонан соң оның басқа балалармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін, кейінірек оның зейінінің, ойлауының және т.б даму дәрежесін зерттеуге болады.
Балаларды балабақша жағдайында зерттеу өзара байланысты әдістермен-бақылауды жасаумен іс-әрекеттердің нәтижесін зерттеумен, әңгімелесумен-бір мезгілде жүргізеді. Бұл әдістері бөлектеу алдымен тек қана бақылау содан соң оның психологиялық ерекшеліктерін экспериментпен анықтау үшін арнайы жағдай жасау, осылардан кейін барып әңгімелесу дұрыс болмас еді.
Бақылау балаларды балабақшада зерттеудің негізі болып табылады. Бақылаудың барысында баланың іс-әрекетін, айтқан сөздерін мүмкіндігінше жазып отыру керек. Онда мына тәртіпті сақтау-бала мінез-құлқының шын мәніндегі белгілерін тәрбиешінің қорытындысынан ажырату-керек. Тәрбиеші бақылаудың нәтижесін өне бойы табан аузында жазып отыра алмайды, бірақ оны мүмкіндігінше тез енболмағанда сол күні жазуға тырысу керек. Бақылаудың әр түрлі жағдайда-сабақ үстінде, емін-еркін серуендеу кезінде, режимдік сәттерді орындау кезінде-жүргізілгені дұрыс, өйткені өзін әр түрлі жадайда көрсетеді.
Бақылау процесіне эксперимент әдістері де енгізілуі мүмкін. Мәселен, баланың қабылау, ойлау, есте сақтау қасиеттеріне даму дәрежесін анықтауға ұмтылып тәрбиеші оларды заттардың формасын, түсін талдауды немесе ойлап шешуді қажет ететін дидактикалық ойындарға тартады, оны орындау үшін сөздің, іс-әрекеттердің кезектілігін есте сақтау қажет болатын және т.б тапсырма береді. Қиялдау, жатырқамау басқа балалармен қарым-қатынас орната білуді дамытуды зерттегенде баланы құрбыларының сюжеттік-рольдік ойындарына қосуға, оған ойынының белгілі бір рольін атқаруға болады. Тәжірибе сабақ үстінде бүкіл топқа берілетін тапсырма ретінде де жүргізілуі мүмкін.
Бақылау процесінде сұрау элементтері де қолданылады. Балаға берілетін сұрақтар оның осы кезде орындап жатқан іс-әрекетіне байланысты болғаны абзал. Әңгімелесуді өзіндік «шараға» айналдыруға болмайды. Баланың жауабы ол туралы білетініміздің негізі бола алмайды-олар бақылаудың көмегімен алынған мәліметтерді нақтылай толықтыра түсуге тиіс. Егер балаға өзі жайлы, оның іскерлігі немесе сапасы туралы («Сен ойнай білесін бе?», «Машинаны ұнатасын ба?», «Өзің батылсын ба?») Сұрақтар берілсе жауабын, ешқашан шынында ол сондай екен деп қарамай, баланың өзі жөнінде не ойлайтыны туралы көрсеткіш ретінде ғана ескеру керек.
Тек балабақшадағы зерттеудің мәліметтерімен шектелсек, баланың дамуы жайлы қажетті мөлшерде толық түсінік алуға болмайды. Сондай-ақ ата-аналарынан мұқият сұрау арқылы баланың семьядағы тәрбиесімен мінезінің ерекшеліктерімен де танысу қажет.
Баланың дамуын зерттеудің нәтижесін психологилық мінездеме болып табылады. Тәрбиеші оны толтырған кезде бала психологияына тарайтын дамудың әр жағының жіктелуін пайдалануы тиіс.
Балаларды балабақшада зерттеуде балаларды зерттеудің көпшілік әдістері-тестер роль атқарады.Алайда, оны пайдалану міндетті түрде маман-психологтар басшылығын талап етеді.
Садыканова Гулзат Елеусизовна балабақшасының тәрбиешісі «Мерей» КМҚК