Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі

«Адамның адамшылдығы-ақыл, ғылым, жақсы әке, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы тәрбиешіден басталады»
«Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі-өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»», -деген екен. М. Жұмабаев. Қандай тауып айтылған дана сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетіндігі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің үлкен бір азаматы болатынын көрсетеді.
Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезде болсада, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала-біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесуіміз керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісін бермей ме? Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету-қоршаған ортаның, яғни ата-анамен балабақшаның міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. «Тәрбие басы-тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың, бала тәрбиесі жайлы көз қарастарында қателіктер көруге болады. Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамассыз етемін, тәрбие беру балабақшаның ісі» деп түсінетін ата-аналарда кездеседі. Бала тәрбиесін тек балабақшаға аударып қоймай, сіз-біз болып бірлесе отырып жұмыс жасау, ол ата-аналар мен тәрбиешілер үшін де тиімді. Баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қорытынды шығаруға болмайды.
Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды рөлі ата-анада. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы балашағасының алдында әңгімелеп айтып беру керек. Бірте-бірте балалары да өз балабақшасындағы болған оқиғаларын, жаңалықтарын ортаға айтып талқыға салады. Кейбір ата-аналар, балаларының балабақшасында не болып жатқанынан бейхабар. Өйткені, көп ата-аналар балаларына көңіл бөлудің орынына, көп уақыттарын ғаламторда өткізеді. Сонымен қоймай, ата-аналар балаларынан көп нәрсені талап етеді... «Балық-басынан шірейді» деген сөз осыдан алынған. Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жету мүмкін. Сондықтан тәрбиешімен ата-ана ескермеген тәбиенің тиімді сәттерін қолдану қажет. Менің ойымша баламен ашық түрде көп сөйлесіп, баланы өзіне тарта білу керек.
«Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жететініміз анық. «Жақсы сөз жан семіртеді».
Садыканова Гулзат Елеусизовна. Тәрбиеші, КМҚК «Мерей» балабақшасы