Аялайық ананы

Мақсаты: Балаларды мерекемен таныстырып және аналарға деген құрмет сезімдерін ояту.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар!
Қымбатты да сүйікті аналар!
Ақ жаулықты әжелермен ару-қыздар.
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз төл мерекелеріңізбен, шын жүректен құттықтаймыз.Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап,жүздеріңізге нұр шашсын.Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылулық, жүздеріңізден күлкі кетпесін.Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мейрамы құтты болсын.
Осы мерекеге орай «Құлыншақ» ортаңғы тобының бүлдіршін-дері дайындаған «Аялайық ананы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ардақты ана, Аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағын аясындай гүл бақтың,
Ержеткізіп елге берген баласын.
Сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі
Сексенбаева М.С. береміз.
Ал енді келесі құттықтау сөз кезегін «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндеріне береміз.
Алина – Ақ жаулықты аналар,әжелер сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Айбек – Сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір,қажымас қайрат,талмас қанат тілейміз.
Рустам – Дорогие наши мамы, бабушки, сестры. Поздравляем вас с прекрасным праздником 8 марта. Желаем вам крепкого здоровье и счастье.
https://i.mycdn.me/image?id=852787746505&t=3&plc=WEB&tkn=*P79OSxWGtED3XX2wj62ZaWxjXRAАлтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған.
Бақшадан үйге келгенімде,
Бал сөзі «жаным» сая маған.
Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,Ән маржанын ашайық.
Ән: « Құттықтаймын мама , туған күніңмен»
Тақпақ
Өмір сүрген әр адам,
Өркендеген анадан. Мариям
Аялаған өзіңіз,
Ардақтаймыз анажан.
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған Інкәр
Бақшадан үйге келгенімде,
Бал сөзі «жаным» сая маған.
Жаным дейсің мені,
Жаратушы бір сен.
Жалғыз өзің тегі, Айлун
Жанашырым білсең,
Айналайын ана.
Күнге бізді балаған,
Күнше күліп қараған. Елдана
Адам еткен өзіңіз
Ардақтаймыз анажан
Ас дәмдісін қалаған,
Аямаған баладан. Азирет
Ақ сүт берген өзіңіз,
Ардақтаймыз анажан.
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз Айзере
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Сегізінші Наурыз күнін,
Мейрамдарды аналар. Інжу
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін. Ажар
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
«Испан» биі
Тәрбиеші:
Балалар біз қазір қай мерекені тойлап жатырмыз?
(8 наурыз аналар мерекесін)
Бұл мереке қай жылдың қай мезгілінде болады?(Көктем мезгілінде)
-Көктемде қандай өзгерістер болады екен?
(қар ериді,су ағады,гүлдер өседі)
Олай болса балалар қыс мезгілімен қоштасатынкеэ келді.
Қыс
Қыраулы да, ызғарлы
Қыс келді,қыс боранды ( )
Қырат көрпе орынды
Қыс: Ал балалар сендер өнерлі екенсіңдер,сендердің өнерлеріңе риза болдым.Би-билеп,ән айтып шынығып алады екенсіңдер.Қыстың аязды,боранды күнінде тоңбайды екенсіңдер.Ал енді балалар менің сендермен қоштасатын уақытым да келіп жетті.Келесі жылға дейін қош сау болыңдар.
Тәрбиеші: Әйел,қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
(Есік қағылады,әуен ырғағымен көктем келеді)
Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар!
Бәйшешекті тересің,

Оны суға саласың.
Жауқазынды көргенде,
Көктемді есіңе аларсың – демекші балалар сендерге мен көктемнің табиғатының көрікті гүлдерін сыйға ала келдім. Гүлдерді берген себебім:сендерге гүлдей жайнап жүрсін дегенім.
(Ұл балалар қыз балаларға гүл сыйлайды)
Ал балалар мен өзіммен бір ойын ала келдім.
Сендермен сол ойынды ойнап жіберейік.
Ойын: «Гүл теру»ойыны
Тәрбиеші: Алдарыңызда мың бұралған биші қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Қолшатыр» биі
Мәпелейді әлдилейді бағады,
Құлыным деп құшағына алпады. Омар
Өзгеге де өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады.
Апам менің базардан
Алма сатып әкелді Абилмансур,
Ең үлкенін жақсысын Жания
Маған таңдап әперді.
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге, Кенан
Бар баланың тақпағы
Анаң болса қасыңда
Басқа байлық не керек
Аналардың жүрегі , Нұрдос
Мейірімді ғой керемет.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжемді де ардақтап, Джейлин
Әдеппен бас иеміз
Еркелеттің асырадың,
Мойыныңа кеп асыламын. Тағзым
Аман болсын ардақты анам,
Мен әрқашан қасыңдамын
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын Әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін, Билал
Асыл әжем, жан әжем
Құтты болсын ардақты ана.
Асыл анам мерекең Баэл
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Еркелесем күлімдейді,
Ұрысқаны білінбейді. Жания
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім дейді.
«Ойын» «Көңілді шардағы ақ тілек»
Тәрбиеші:
Дүниедегі ең кеменгер дананы,
Ана табады,аялайды бағады,
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, -дей отыра аналардың құрметіне
Би: «Джэнтельмен» биі
«Қошақаным » әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Қошақаным»
Тәрбиеші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен ертегілігіміз аяқталды.
Құрметті ата – аналар мен көрермендер «Құлыншақ» ортаңғы тобының «Аялайық ананы » атты мерекелік ертеңгілігіміз аяғына келіп жетті.
Назарларыңызға рахмет!
Пайызова Нурзия Мықтыбековна «Құлыншақ» ортаңғы топтың тәрбиешісі. Меркі ауданы «Айым» балабақшасы.