Сиқырлы орманға саяхат

Мақсаты: Б/м: Балаларға орман туралы түсінік беру, өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау.
Д/м: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Т/м: Балаларды қамқорлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар ашық оқу қызметін бастамас бұрын қонақтармен амандасайық. Балалар: Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Сиқырлы орманға саяхат» деп аталады.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ашық оқу қызметінде орманға саяхатқа барамыз.Саяхатқа бару үшін немен барсақ болады екен?
Балалар: поездбен барайық
Тәрбиеші: Балалар поезд сияқты бір-біріміздің артымыздан тұрып, орманға саяхатқа шығайық. Балалар, орманға да келіп жеттік.Балалар қараңдаршы алдымызда ағаш тұр.Бұл ағаш жәй ағаш емес Сиқырлы ағаш.Бұл сиқырлы ағашқа балалар қолымыздағы матаны тілектерімізді айтып сиқырлы ағашқа байласақ тілектеріміз орындалады екен.
Дарина: Мен тыныштық болсын деп тілеймін.
Нұрасыл: Елімізде жақсылық болсын деп тілеймін.
Інжумаржан: Аспанымыз ашық болсын деп тілеймін.
Арсен: Достарымыз көп болсын деп тілеймін.
Айша: Мен қарнымыз тоқ, уайымымыз жоқ болсын деп тілеймін.
Алихан: Бәріміз бақытты болайық.
Жұлдыз:Мен жүзімізден күлкі кетпесін деп тілеймін.
Санжар: Мен отбасымыз аман болсын деп тілеймін.
Ақмарал: Мен Қазақстанымыз гілдене берсін деп тілеймін.
Бегайым:Мен ата-анамыз, туыстарымыз аман болсын деп тілеймін.
Тәрбиеші: Мен осы айтылған барлық тілектеріңнің орындалғанын тілеймін. Балалар орманда жабайы аңдар өте көп болады. Сондықтанда біз сақ болуымыз қажет.Балалар орманды үш тілде қалай атаймыз?
Балалар: орман-лес-forest
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мұнда масалар көп екен.Балалар егер біз қозғалыссыз тұрсақ, бізді масалар шағып тастайтын тәрізді. Сондықтан да біз денемізді қимыл-қозғалыста ұстауымыз қажет.Балалар біз сендермен масадан қорғану арқылы түрлі жаттығулар жасап, денемізді шынықтырып алдық. Масаны үш тілде қалай атаймыз?
Балалар:маса-комары-moscito
Ал енді денсаулығымыз мықты болу үшін күнделікті жаттығу жасап тұруымыз қажет екен. Денсаулық зор байлық демекші қайсың денсаулық туралы тақпақ білесіңдер?
https://i.mycdn.me/image?id=852787449545&t=0&plc=WEB&tkn=*Se9II8q-pYv_biQTY44oCUcNmkcБалалар: ия
Тәрбиеші: олай болса тақпақтарымызды айтып берейік.
Інжумаржан: Тазалықты сүйемін
Ылғи таза жүремін
Денем таза болсада
Жиі түсем моншаға
Нұрасыл:Таза болам мұнтаздай
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көреді бар адам.
Айша: Денсаулық ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай
Ақмарал: Шат көңіл адамдар
Ақ көңіл адамдар
Денсаулық мол байлық
Жан саулық зор байлық
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Санжар: Әпки, әпки масалар қайтадан келіп қалды.
Тәрбиеші: Олай болса бәріміз масадан қашайық
Балалар қараңдаршы қандай әсем гүлдер неткен жұпар иіс.Гүлдердің иісі неткен тамаша еді.Балалар гүлді үш тілде атап берейікші.
Балалар: гүл-цветы-flowers
Тәрбиеші: Балалар гүл туралы кім біледі? Не айта аласыңдар?
Нұрасыл: Гүлдер-табиғат көркі.Гүлдердің түрлері өте көп. Әр адамның өз сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау үлкен құрметтің белгісі.
Мен гүл туралы тақпақ та білемін.
Тәрбиеші: кәне айтағой тыңдайық.
Нұрасыл: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Тәрбиеші: ой жарайсың Нұрасыл. Балалар қараңдаршы гүлдің үстінде қандай жәндік қонып тұр?
Балалар:көбелек.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, Көбелекті үш тілде қалай айтамыз?
Балалар: көбелек-бабочка-butterfly
Тәрбиеші: Балалар көбелек туралы кім айтып бере алады?
Дарина: Көбелек өте жеңіл және ғажайып жәндік. Бірақ олар өте нәзік жаратылыс.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасың Дарина көбелектер өте нәзік жәндік екен. Дарина көбелек туралы тақпақ білесің бе?
Дарина: ия, білемін
Тәрбиеші: даусыңды шығарып, мәнерлеп айтып береғой .
Дарина: Көбелектер әр түрлі,
Қызыл, сары, көк пен ақ
Жүгіріп барсаң қасына
Ұшып кетеді бірақ
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы көбелек қанатын қағып жатыр.Өзімізді бір сәтке көбелек секілді сезініп,ұшып көрейікші. Қолымызды жоғары көтеріп-түсіріп, терең тыныс алып аяғымыздың ұшымен жүрейік.Балалар енді саяхатымызды жалғастырып, орманды аралайық. Аралап жүріп аюмен кездеседі.
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қайдан жүрсіңдер?
Балалар: Сәлеметсізбе, біз сиқырлы орманға саяхаттап жүрміз.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе аю, біз сиқырлы орманға саяхатқа шығып едік,адасып кетпес үшін бізге бағыт-бағдар беріп, тура жол көрсетіп жіберуіңді өтінеміз.
Аю: Балалар мен сендерге көмек беремін, бірақ менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Менің ойын ойнайсыңдарма?
Балалар: ия
Аю: Балалар менің ойынымның тақырыбы: «Жалғасын тап»деп аталады.Бұл ойынның шарты: менің достарым сендерге мақал-мәтелдердің басын айтады, ал сендер жалғасын табуларың қажет.
Балалар: Дос жылатып айтады..............Дұшпан күлдіріп айтады
Еңбек етсең ерінбей................Тояды қарның тіленбей
Білім инемен............................Құдық қазғандай
Бірлік бар жерде......................Тірлік бар
Еңбек ширатады......................Өмір үйретеді
Аю: Жарайсыңдар балалар сендер өте білімді екенсіңдер.Енді балалар менің сендерге тағы бір тапсырмам бар.Менің қолымдағы арыстан мен тышқанның бейнесін боялған тұзбен сурет салу әдісі арқылы бейнелеп берулерің қажет.
Тәрбиеші: Балалар аюдың тапсырмасын орындап береміз бе?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Балалар ендеше екі топқа бөлініп, шығармашылық даму орталығына жайғасып отырайық.Бір топ арыстанның бір топ тышқанның бейнесін тақтадағы үлгіге қарап, боялған тұзбен сурет салу әдісі арқылы бейнелеуіміз қажет.Балалар қауіпсіздік ережесін сақтауыйық.Бірінші желімді жақсылап, ұқыптылап жағып алайық.Сосын боялған тұзды қолымызға алып, себейік.Балалар біз аюдың тапсырмасын орындап болған сияқтымыз.Жасаған жұмыстарыңды алып аюға тапсырайын.
Аю: Ой жарайсыңдар балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер.Сендердің арқаларыңда менің көңіл-күйім көтеріліп қалды.Мен сендерге балабақшаға оралатын тура жолды көрсетіп жіберейін.(жіп лақтыру арқылы).Сау болыңдар балалар.
Балалар:рахмет, сау болыңыз!(балалар аюдың келген жолымен балабақшаға оралады.)
Қорыту: 1.Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз қайда саяхатқа бардық?
2.Балалар орманда нені кездестірдік?
3.Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінде кімге не ұнады?
Маденәлі Айгерім Мырзабекқызы Тәрбиеші «Қызғалдақ» «А» мектепке дейінгі жас естияр тобы Меркі ауданы