Аялы алақан (Мерекелік ертеңгілік)

Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.
Арсен: Жігіттер біздің топтың қыздары қайда?
Санжар: Арсен, бүгін мейрам ғой, олар сәнденіп, әдемі шаш үлгісін жасап, мейрамға кешігіп жатқан шығар.
Арсен: Ендеше ортаға «Көжек» тобының сұлу қыздарын шақырайық.
Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін ашып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық
Өмірдің көктемі де, гүлі Аналар
Ана деп бас иеді бүкіл халық!
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадырлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Көжек» тобының Аялы алақан атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Байұзахова Гүлжан Төребекқызына береміз.
https://i.mycdn.me/image?id=851708134857&t=0&plc=WEB&tkn=*kPIxrUVvvbxmqjJ_03OY0NibgzcЖүргізіші: Ананың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бал қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.
Кезекті тақпақтарға берейік.
Арсен: Ерте келіп көжектерден,
Қал жағдайын сұраған,
Мейіріммен қараған,
Қымбатты Гүлжан апайды
Құттықтайды балалар!
Санжар: Сабақтарың қалай деп,
Мейірлене қараған,
Әдіскер Зәуреш апайды
Құттықтаймыз мейраммен!
Ердаулет: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегіме сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Қ.Санжар: Айналайын анашым,
Әлпештеген анасын,
Еміп өскен баламыз,
Анамыздың ақ сүтін.
Дарина: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Т.Нұрасыл: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз,
Той күні бір бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекені тойлағалы отырмыз?
Балалар: Аналар мерекесі!
Жүргізуші: Аналарың сендерді қалай деп еркелетеді?
Балалар: Ботақаным, қошақаным, айым, күнім, жұлдызым.
Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ортаға Көктем келді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі.
Көктем: Көктемде ауа райында қандай құбылыстар болады?
Балалар: Қар ериді, жаңбыр жауады, гүл шығады, шөптер көгеріп шығады, талдар бүршік жарады, құстар жылы жаққа ұшып келеді.
Жүргізуші: Көктем көрдің бе,біздің балалар сен туралы бәрін біледі! Біздің ертеңгілігімізге қош келдің! Біздің балаларымыздың өнерін тамашала!
Хор: «Құттықтаймын,мама»
Жүргізуші: Біздің балаларымыз қыздарымызға тосынсый дайындап келді ғой. Бізге алыстан қонақтар шақырды. Балалар оны шақырамыз ба?
Балалар: Ия.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сәлеметсіңдер ме,қымбатты ата аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вилли! Мен сендерді сонау Америкадан құттықөтауға келдім. Хэллоу, хэллоу, хэллоу! Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір сендерге фокус мокус көрсетемін.
Жүргізуші: Қой Тили Вилли мойныңды сындырасың! Одан да біздің жігіттеріміздің биін қабыл алыңыздар!
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін,
Аналар ақ жаулықты біл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Моряк» биін!
Сайқымазақ: Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз! Моэстра музыку!
Жүргізуші: Тили Вилли сен босқа өз тамағыңды шаршатпа! Ал енді кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Ақмарал: Менің әжем мерейлі,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Жұлдыз: Өзің мені өсірген,
Айналайын анашым.
Тентек болсам кешірген,
Балдай тәтті бал әжем.
Інжумаржан: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз!
Аналарды ардақтап,
Төмен басты иеміз.
Бауыржан: Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең мен де анамдай,
Оқытушы боламын!
К.Айша: Мен гүлдердің жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
А.Айша: Кішкентайдан мәпелеп,
Бөпешім деп әлдилеп,
Әлдилеп анам өсірді,
Осы өмірдің гүлі деп.
Аруна: Этот день весенний,
День прекрасных дом
Поздравляем дети
Наших милых мам
Незабудем бабушек,
И девчонок группы
Поздравляем дружно,
Весело и прекрасно.
Жүргізуші: Ой балалар, балалар,
Ойналық та күлейік.
Кәне енді бұралып,
Би билеп те берейік!
Көңілді қыздар биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Мен анамды құттықтаймын!
Хал жақсы ма деп сұраймын.
Анашымды таң қалдырып,
Сән үлгісін көрсетемін.
Ортаға сән үлгісін көрсетуге Ердаулет, Нұрасыл, Арсен, Бауыржан.
Сайқымазақ: Балалар менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Сайқымазақ: Ендеше гүлден гүлге секіру ойынын ойнайық.
Жүргізуші: Рахмет саған, Сайқымазақ! Сен бүгін біздің көңіл күйімізді көтеріп жүрдің.
Сайқымазақ: Ия біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де билейміз. Ендеше мен сендерге акробатикалық өнерімді көрсеткім келіп отыр.
Жүргізуші: Балалардың аналарына деген махаббатын осы би арқылы тамашалаңыздар! «Жүрек биі».
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа.
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып, бүгінгі аналар күніне арналған «Аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар, аяулы қыздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Кобасилова Камчат Бакыт-кызы «Қызғалдақ»- «А» тобының тәрбиешісі, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балдаурен» б/б МКҚК