Тордағы қыран құс

Тақырыбы: «Тордағы қыран құс».
Ересек топтар: «Түймедақ», «Құлыншақ».
Мақсаты:«Р» дыбысын машықтандыру. Артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту; дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын қалыптастыру; сөз қорын молайту. Ұсақ моторикасын, тыныс алуын дамыту. «Биік - аласа», «сопақша» ұғымдарын қалыптастыру. Түстерді ажырату.
Құстарды қорғауға және достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, Су Джок допшалары, жұмыртқалар, суреттер, туннель, құстың қауырсыны, кілт, «Әліппе» ойыны, киндер-тосынсыйлар.
Жаңа технология қолдануы: Зайцев кубиктері.
Билингвалдық компоненттер:робот-robot,ракета -roket, тигр - tiger, перец - pepa, корова - cow, трактор – tractor;красный, синий, зеленый.
Жаңа сөздер: қайсарлық, шың.
Кейіпкер: Қарлығаш

І.Ұйымдастыру.
1.Сәлемдесу (үш тілде).
2.Балалар бір – бірімен алақанмен амандасады (тақтилді сезіну, ырғақты ажырату).
ІІ.Тақырыпты баяндау.
(Осы тақырып арқылы «Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтанамыз).
1.Қыран құс туралы қысқа мәлімет (слайд).
Қыран құстарға-бүркіт, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстар жатады. Қыран құстар жүз жылға дейін өмір сүреді. Көбінесе таулы жерде өмір сүреді. Ағаштар мен шыңдарға үя салады.
Біздің елімізде қыранды аң аулау үшін қолданады.
Казахстан Республикамыздың рәміздерінің ішінде туда қыран құс бейнеленген.
Ол батырлық, мықтылық, қайсарлық, еркіндіктін символы.
Жаңа сөздер: «Қайсарлық», «Шың» - сөздік жұмыс.
2.Артикуляциялық аппараттың қимылын дамыту.«Тоқылдақ», «Құлыншақ», «Моторды оталдыру» (Артикуляциялық жаттығуларды слайд арқылы орындату).
ІІІ.Топқа қарлығаш ұшып келеді.
Сәлемдеседі.
-Мені осы б/б-ға қыран құс жиберді. Ол ересектер тобының балалары алғыр, білімді екеніндігін бұрыннан білетін. Сондықтан сендерді көмекке шақырады.
Логопед:
-Қыран құсқа не жағдай болды?
Қарлығаш:
-Қыран құсты сиқыршы торға қамап, кілтті тығып тастады. Қыран құсқа көмектесесіңдер ме, балалар?
Логопед:
-Қарлығаш сен бізге жол көрсет.
ІҮ. Жер асты жолмен өту (туннель). Релаксация (Әуен ойнайды). Балалар шында ілініп тұрған  жұмыртқаларды көреді.
Логопед:
-Бұл жұмыртқаға қалай жетсек екен? Мүмкін «қар-лы-ғаш» деген сөзді буынға бөліп көрейік.
«Биік - аласа», «сопақша» ұғымдарын қалыптастыру.
Ү. І жұмыртқадағы тапсырма.
1. «Бұл қандай буын?» тапсырмасы.
Зайцев кубиктері әдісі арқылы буындарды теріп алу: ра, ро, ру, ры, ор, ур, ар, ыр ... (атап шығу:жеке, бірге).
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ра-ра-ра – ұшып келді ара
Ру-ру-ру- біздің қыздар ару
Ар-ар-ар – тауда жатыр қар
Ыр-ыр-ыр – таудың шеті қыр.
ҮІ. ІІ жұмыртқадағы тапсырма.
1. Суреттермен жұмыс «Қандай сөз?». Суреттерді үш тілде атап шығу (робот - 2 рет; трактор-4 рет – трактор –тракта; зымыран – 3 рет, ракета -рокет, жолбарыс–1 рет- тигр -тайга; бұрыш-5 рет  - перец –пепа, сиыр 6 рет - корова - коу).
2.Су Джок допшалары арқылы ұсақ моторикасын дамыту (Қарлығаштың ойыны «Добым»).
ҮІІ. ІІІ жұмыртқадағы тапсырма.
1.Дыбыстық талдау жасау «Үйлеріне орналастыр» тапсырмасы.
«Қарлығаш» –үш терезесі бар үйге, «қыран»- екі терезесі бар, «тордағы құс» -бір терезесі бар үйлерге орналастыру.Балалармен бірге «Қарлығаш» сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату, қызыл-көк түсті фишкалармен белгілеу.
Екі балаға «Қыран», «Тор» сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.
2. Жұмыртқалардың түстерін атау.
3.Тыныс алуын дамыту.
Қарлығаш:
-Рахмет сендерге, балалар! Мен кілті алып, қыран құсты тордан шығарайын. Бірақ мен сендермен әлі қоштаспаймын. Мына құстың қауырсынына үрлеп, жерге түсірмесеңдер балабақшаға тез ораласыңдар.
Балабақшаға қауырсынның көмегімен оралу (қанатқа үрлеп жерге түсірмеуге тырысу).
ҮІІІ. Жеке жұмыс «Әліппе» ойыны (Шарты:Суретімен әріпті сәйкестендіру). Дыбыспен әріптің айырмашылығын сұрау.
ІХ. Сергіту сәті.
https://i.mycdn.me/image?t=0&bid=850043059401&id=850043059401&plc=WEB&tkn=*cPZ_YCNT90zoGDKLA-2Li4stgOY1.«Ормандағы үйшік».
Орманда бір үйшік тұр екен (қолмен үйшік жасау),
Оған ара ұшып келеді (сұқ саусақпен қимыл жасау З-З-З),
Ара үйшікті айналып ұшып кетеді (з-з-з).
Ормандағы үйшікке қоңыз ұшып келеді ( бас бармақпен қимыл жасау Ж-Ж-Ж),
Қоңыз үйшікті айналып қайта ұшып кетеді (ж-ж-ж).
Ормандағы үйшікке қарға ұшып келеді (қолмен құстың қанатын жасап, «қар-қар» айту).
Қарғаға үйшік ұнап, ол үйшікте қалады.
Ормандағы ұйшікке бұтақтан бұтаққа секіріп, секіріп торғай келеді (чик-чирик, чик-чирик),
Торғайға да үйшік ұнайды, ол үйшікте қалады.
Ормандағы үйшікке тоқылдақ (қолдарын қанат тәрізді қағу) «тоқ-тоқ-тоқ» -деп ұшып келеді.
Тоқылдақ да үйшікте қалады.
Бәрі бірге дос болып ормандағы үйшікте тұрады.
- Қарғаны, торғайды, тоқылдақты бір сөзбен не дейміз?
2. «Р» дыбысын сөйлемдерде машықтандыру.
Жаңылтпаштар айту.
Ала қарға қырға қонды.
Қара қарға жарға  қонды.
Мақал – мәтелдер.
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
ХІІІ. Қорытындылау.
-Бүгінгі оқу іс – әрекет ұнады ма?
-Қызық болса күннің, қызықпасаңдар бұлттың суретін көрсетіңдер.
- Оқу іс-әрекет немен ұнады?
Рахметін айтып, қарлығаш балаларға «Киндер - сюрприз» жұмыртқаларын  ұсынады.
Жубаева Мираш Енбековна Логопед маманы. «Балдаурен» бала бақшас с. Мерке