Жол тәртібін білейк

Аман-есен жүрейік!
Мақсаты: Балалардың жолда журу ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру,іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршам атқаратын қызметін таныстыру.
Жүргізуші:Бүгінгі жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік атты іс-шарамызды тамашалауға қош келдіңіздер!Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады.Оның сырын біліп,жол ережесін орындау баршамызға керек.Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Мұқият тыңдап жауабын шешіп көрейік. Жұмбақ:
Сөйлеуді білмейді,
Бірақ тоқта,жүр дейді
Ол не балалар? (Бағдаршам)
Жүргізуші:Дұрыс айтасындар балалар,бүгінгі ойын-сауығымыздың қонағы «Бағдаршамды» ортаға шақырамыз.
Бағдаршам:Сәлеметсіздер ме!
Здраствуите!
Гуд мониг!
Мені балалар жақсы біледі.Мен жол ережесін реттеймін, бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.
Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне
Үш түрлі түсім бар
Мен бағдаршам боламын:
Бағдаршам:Ал балалар,сендер мені қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көремін,мен сендерге сұрақ қоямын.Мұқият тыңдап жауап беріңдер.
1.Бағдаршамның неше көзі бар?
2.Бағдаршамның көздерінің түстері қандай?
3.Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?
4.Сары көзі жанғанда не істеу керек?
5.Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда не істеу керек?
Жүргізуші:Бағдаршам! Көрдіңізбе,біздің балаларымыз өте ақылды.Бағдаршам туралы тақпақтар да біледі.Тыңдап көріңізде
https://i.mycdn.me/image?id=851881645001&t=0&plc=WEB&tkn=*ATnEg-xXUZ4cBrGsVqBO1kcCSaY1.Жолға шықсақ далаға
Жол оңай деп санаға
Ережені әрқашан (Нұрислам)
Қатаң ұстап санаңда.
2.Есігінен артқы
Көлікке сен мінген
Енді есіктен алға ( Кәусар)
Түскеніңді білгің
3.Қызыл,сары,жасыл
Бір көзінде үш от
Қызыл жанса тоқта (Айя)
Жасыл жанса тез өт!
4.Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін жасқанба (Айбибі)
Жасыл жанды тыңдаған
Жолын ашық тұрмаған
5.Мен білемін,бәрін деме
Отырған жоқпын бөлмеде
Машина өтіп кеткесің ( Мариям)
Жолаушы алға беттесін
Жүргізуші: Бүгінгі біздің жол ережесіне байланысты көрініс көруге шақырамыз,бұл көрінсісте қайсысінікі дұрыс,қайысысінікі бұрыс екенін анықтайыз.
Аю:Мен велосипедпен ойнағанды жақсы көремін(жолда машина келе жатады).
Балалар: Аю жолдан қаш! қаш!
Аю жолдан қашады, машина өтіп кетеді.
Жүргізуші:
-Балалар, көлікктер жүретін жолда ойнауға болама?(болмайды)
-Қандай жерде ойнауға болады? (ойын алаңында)
Аю:Дұрыс айтасыңдар,балалар! Көліктер жүретін жолда ойнауға болмайды.Сендерге үлкен рахмет,сендер бізге көмектеспегенде мені көліктер қағып кететін еді.Мен жол ережесін білмейді екенмін.Олай болса ойын алаңына шығып ойнап алайық.
Жүргізуші: Ойыңымыздың аты «Мәреге тез жету» деп аталады.Ол үшін біз ортаға инспектор ағайды шақырайық.Инспектор аға ойын ережесін айтып түсіндірсін.
Жүргізуші: Ортада флешмоб би тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Аю сен біздің балаларға жиі-жиі келіп тұр.
Инспектор мырза.Аю мен саған жол көрсетіп жіберейін қош болыңдар балалар.(Аю мен инспектор мырза қоштасып кедеді.)
Жүргізуші: Ал енді құрметті қонақтар осымен біздің бүгінгі 2-кіші топ аралық ұйымдастырылған жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік атты іс-шарамыз аяқталды.Жолда абай болыңыздар.  
Енсебекова Улжан Сериковна, ІІ кіші тобы «Жүзім»-«Б», тәрбиеші, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балдаурен» б/б МКҚК