Оқу мен оқытуды жаңарту – нәтижеге қол жеткізу

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет»
Н.Ә. Назарбаев
Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы.  
2012жылы   басталған ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» Бағдарламасын меңгердік.
Сабақ беру барысында жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгертуге тырысудамыз. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзіміз жетті.
7 модуль төңірегінде жұмыс жасаған мұғалімнің басты мақсаты-оқушының өзіндік білім алуын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Сабағымыздың біріне тоқталатын болсақ:
Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыш». Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің түрлері мен ақпарттық тасымалдауышының жұмыс жасау принциптерін біледі. Сабақ нәтижесі:
-  ақпараттық тасымалдауыштар туралы түсінік алады;
- өздігінен жұмыс жасау дағдыланады;
- өзін-өзі бағалайды.
Жеті модуль идеясын қолданылып, мынадай стратегиялық іс-әрекеттер жүзеге асты: «Жұптық әңгіме», «Миға шабуыл», «Мозайка», «ДЖИГСО 2», «Жұптас, ойлан, бөліс», «ББҮ кестесі», «Өзін-өзі бағалау».
Пайдаланылған ресурстар: таратпа қағаздар, қиынды суреттер, ActivStudio бағдарламасындағы флипчарттар, электрондық оқулықтар, флипчарт қағаздар, маркерлер, стикерлер, кесте, бағалау парағы. Осындай құрылымдардан тұратын сабақтан мен мынадай нәтижелерді алдын ала болжадық:  
-ақпарат тасымалдауыштар туралы түсініктері дамиды;
- өзін-өзі бағалауға қалыптасады.
-өздігінен жұмыс жасау дағдылары артады.
Оқушылардың сабақ барысында көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадық.
Топтық тапсырмаларды орындап, талқылау мақсатында сыныпты топқа бөлдіқ , оларға «Мозайка» әдісін қолданып, қиынды картиналар құрастырылып, 3 топ құралды.  Топ басшылары сайланып, бағалау парақтары таратылды. Бағалау парағы мынадай критерийлардан тұрды: оқушының аты, үй тапсырмасының орындалуы, топтық жұмыстың қалай орындалуы, өз ойын дұрыс жеткізе білуі, жауапкершілікті сезінуі, жалпы ұпайы.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында  таратпа қағаздары таратылып, компьютерде мәтін енгізу арқылы, пернетақтаның пернелерін қаншалықты игергендіктері тексерілді. Оқушылар бірін-бірі бағалап, бағалау парағын толтырып отырды.
«Миға шабуыл» стратегиясы ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді тәсіл болғандықтан сыни тұрғысынан ойлауға үйрету мақсатында  жаңа тақырыпты ашу үшін  «Адамның қандай сыртқы және ішкі  жадын білесіңдер? – деген сұрақ қойдым.Топпен әрекеттесіп, жауап беру тапсырылды. Оқушылар флипчарт қағазға өз ойларын топтасып түсіндірді. Компьютердің сыртқы және ішкі жадтарын білесіңдер ме? Қандай?» деген сұрақтар қойылып, тақырыпты ашты. Осындай түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашты.
«ДЖИГСО2» әдісімен топтар 1,2,3 деп саналып, сәйкес сандар бірігіп топтан бөлініп, тапсырмалар алды. Оқушыларға өте қызықты болды, «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісі орын алды.
Сабақ шулы өтті, өйткені топтан топқа ауысу барысында шулау, сөйлеу деген болды. Оқушылар өздерін еркін сезініп жүрді, бірақ берілген тапсырмаларға ұқыпты, уақылы, жауапты түрде кірісті. Осы әдісті орындау барысында сыныпта барлығы кітаппен жұмыс жасады, оқыды, талқылады, шет қалған оқушы болмады. Одан кейін өз топтарына қайтып, сол жерден алған білімдерін  жұптасып, ойланып, пікірлерімен бөлісіп, әр топтан жауап бере бастады.
Электрондық оқулықтардың видео сабақтарын тыңдап, жаңа тақырып бойынша толықтырулармен таныстырылды.
Таратпа қағаздармен топтық жұмыс жасалып, интерактивті тақтадан орындалды.  Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу болды. Әр топқа сөзжұмбақтар таратылып, топтық, жұптық әрекеттер арқылы орындалды. Әр топ парақшаларымен ауысып, интерактивті тақтадан дұрыс жауабы көрсетілгеннен кейін, топтар бірін-бірі тексеру арқылы бағаланды.
Осы жолы оқушылар бірін-бірі бағалау кезінде  әділ бағалар қоя бастады, өзін-өзі бағалау жүзеге асты, яғни оқушылар бағалау парағына өздерін қаншалықты бағалайтындарын жазып отырды және әр топтан топбасшы тұрып, бағалау парағындағы оқушылардың өздеріне, бірін-біріне  қойған бағаларын баяндап отырды. Мен мұғалім ретінде тек көшбасшы болып, олардың дұрыс бағалауын тексеріп, қадағалап отырдым.
Осылайша сабақ аяқталды, үй тапсырмасы беріліп, оқушыларға «ББҮ кестесін» толтырулары сұралды. Бағалау парағындағы бағалар баяндалып, стикерлерге сабаққа деген ойларын жазып, әр оқушы ілініп тұрған сыныптың тізіміндегі өз аттарының жанына жапсыра бастады.
Қорытындылай келгенде, 2015-2016 оқу жылындағы 5а сынып  пен 2016-2017 оқу жылындағы 5а сыныбынның білім сапасын  салыстыратын болсақ:
Жоғарыда көрсетілген әдіс – тәсілдердің тиімділігі биылғы оқу жылындағы оқушылардың білім сапасынан көрінетіні анық.
Пәнді оқытуда мұғалім – оқушының қызығушылығын арттыру мен жетістікке жету үшін тынбай жұмыс жасаумен қатар, сабақ соңындағы шығу парағында жазылған оқушылардың ұсыныс – тілегіне назар аудара отырып, оқушылармен бірлесіп өткен әр сабаққа «өзіндік баға» беруі керек. Күнделікті сабақ барысында мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, нақтылығы, оқушымен қарым – қатынасы, әдістемелік шеберлікпен жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныпта оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым – қатынас құзыреттілігін арттыруға жол ашады.

Әдебиеттеp:
1. C. Миpcеитовa «Оқыту iзденic pетiнде және iзденic оқыту pетiнде»
2. Мұғaлiмдеpге apнaлғaн нұcқaулық
3. (Қaзaқ тiлi мен әдебиетi №6 2011, 5 бет)
Елубай Г.М., Кайкенова У.И. № 68 МИББ кешені, Қарағанды қаласы.

https://i.mycdn.me/image?id=853330879689&t=3&plc=WEB&tkn=*L5ese_FFGcZlR5mk6Yg9A43LlC8