Аяз ата мен Ақшақардың мекені

Мақсаты: Қыз мезгілінің және оеың ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту. Қағазды ұмаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету. Матадан қоянның пішінін бүктеу әдісә арқылы үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, сөзден сөйлем құрастырып үйрету.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнелеген суреттер.
Құрал-жабдықтар: Желім, ақ қағаз, ақ мата, орамал.
Сөздік жұмыс: Боранды, аязды, қаһарлы.
Белингвизм: Қар-снег, қыс-зима, суық-холодный, ақ-белый, аязата- дед мороз, ақшақар-снегурочка.
Жұмыс барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
https://i.mycdn.me/image?t=3&bid=850710144969&id=850710144969&plc=WEB&tkn=*ALpSsGXcdaA8C-sd4lZarHE1jb4Жылулық шеңбері: -Армысыз, қайырлы күн!
-Армысыз, қайырымды Аспан Ата!
-Армысыз мйірімді Жер Ана!
-Армысыз шұғылылы Алтын күн!
-Жылуыма жылу қос
-Міне менің қолым.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде не жауады?
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? (суық, боранды, қаһарлы)
-Қардың түсі қандай?
Жұмбақ:
Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран борап соғады
Бұл қай мезілде болады? (қыс)-зима.
Бейнетаспа арқылы қыс мезгілін тамашалайды.
-Бұл жерден қыстың қай мезгілі бейнеленген?
-Жерде не жатыр?
-Қардың түсі қандай?
-Қарды жеуге боладыма?
-Қар-снег, белый-ақ.
-Қардан не жасауға болады?
-Қыс мезгілінде қандай мейрам болады?
-Жаңа-жыл меркесінде қандай мейрам болады?
-Жаңа жыл мерекесінде, бізге кімдер келеді?
-Аяз ата мен ақшақардың мекеніне қонаққа барғыларың келеме?
Балалар сиқырлы таяқ релаксация арқылы Аяз атаның мекенінде кез болады.
Тәрбиеші: Балалардың назарын, Аяз атаның мекенінднгі әсемдігіне, ортада турған шыршаға аударады.
Аяз ата балалар мен амандасып жұмбақ жасырады.
Жұмбақ
Аяз қысып өрнек сызып
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып.
Ұлытқып боран соғады,
Балалар айтыңдарыш
Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Тақпақ: Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп, тұр
Ақ күпіге оранып.
Ақ матадай ұлпа қар
Жамылыпты қыраулар,
Қалың-қалың тон киін
Маужырайды шыршалар.
Сақалы аппақ күмістей.
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұртыда
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады.
Тәрбиеші: Балалар назарын, Ақшақардың көңілсіздігіне аударады. Жалмауыз кемпір аққаларын бұзып кеткенін айтады. Тәрбиеші балаларға аққала, қоян, қыстық бейнесін жасап беруге ұсынады. Балаларды екі топқа бөліп, тапсырма береді.
І-ші топ:
а) Тіс жуатын пастаны қағаздың бетіне саусақ арқылы жағады (жерде қар жатыр)
б) Ақ қағаздан жырту, ұмаждау әдісі арқылы желім жағып жапсырады. (қар жауып тұр)
в) Ақ матаны, ақ қағазға жапсырады. (аққала)
ІІ-ші топ: Ақ матаны бүктеу әдісі арқылы қоянның бейнесін жасайды, орталарына жіп байлайды, екі бұрышынан құлағын шығарады. Балалар жұмысы жағымды әуен арқылы жүргізіледі (релаксация)
Аяз ата мен Ақшақар балаларды мадақтайды.
Аяз ата балаларға ойын ұсынады.
Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Суық өтер қолғаптан.
Д/ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Тақтаға шананың, қардың, аққаланың суреттері ілінеді.
Балалар осы сөзден сөйлем құрайды
Шана-санки, қар-снег, аққала-снеговик
Аяз ата мен Ақшақар балабақшаға жол көрсететін жіпті береді.
Балалар қоштасып жіпті жерге тастап үстінен жүріп өтеді.
Қорыту: - Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз қайда бардық?
-Ақшақарға не жасап бердік?
-Коянды неден жасадық?
-Аяз ата бізге не берді?
-Балабақшаға не арқылы жеттік?
-Қысты орыс тілінде қалай атаймыз?

Дуйсебекова Индира Сарсеновна, «Түймедак»-«Б» тобының тәрбиешісі, Меркі ауданы «Балдаурен» бала бақшасы