Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Мақсаты: Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту, олардың атқаратын қызметін таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесі мен көшеде жүру тәртібі мен таныстыра отырып, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар балалар!
Бүгінгі топ аралық «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты ойын сауық кешімізге қош келдіңіздер! Құрметті балалар біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз? Жол белгілерін айыра аламыз ба? Өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба? Осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Автоинспектор: Сәлеметсіңдерме балалар!
Автоинспектор:
- Балалар сендер бағдаршам туралы не білесіңдер?
- Бағдаршам көшеде қандай қызмет атқарады?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршамның түстерін атап беріңдерші?
Олай болса ортаға бағдаршамды шақырайық!
Бағдаршам: сәлеметсіңдермен балалар!
Білесіңдерме мен кім боламын?
Мені балалар жақсы біледі. Мен жол ережесін реттеймін. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік!
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Бағдаршам көрдіңбе біздің балаларымыз өте ақылды.Балаларымыз бағдаршам туралы тақпақтар да біледі.
Зауылбек: Ей неге жолда иіріліп тұрсыңдар қағып кетсек қайтесіңдер?
Автоинспектор: Әр түрлі көліктерің бөлғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек.
Зауылбек: Менің атым Зауылбек.Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін.
Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен ол белгілерді қайтем,мен оларсыз ақ зуылдаймын.,қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
-Әй мынау қандай белгі,мынау велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
-Иә сен мен үшін жасалған белгі,бұл белгінің аты велосипед жүрмейді.
-Жүрмейді тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ білдіңдерме? Мен үшін көшеде де. Саяжай да, арық аула да ашық, сендерше айтқанда қалай еді, зеленый свет.
Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді.
-Мұны да белгі дейді ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек:
Зауылбек ау бұл да саған керек белгі айталық сен велосипедпен зуылдап келесін дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
Ааааааа бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап гүлдірлеп пойыз келгенше өтіп үлгерем.
Авто инспектор: Басын шайқап балалар жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтасаң сақтаймын» деген сөз бар.
Мынау қандай белгі айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш.
Балалардың тақпақтар:
Зуылбек: Балалар сендерге көп рахмет мен зуылдайын. Сау болыңдар.
Көрініс: Түлкі мен қоян сөз таластырып келе жатады. Инспектор таң ғалып қалады. Авто инспектор: Түлкі қоян сендерге не болды?
https://i.mycdn.me/image?id=851881405129&t=0&plc=WEB&tkn=*2EXgqCeSTxPhL6-qeZSuKIwYZW8Түлкі: Мен өзім жүр едім серуендеп, қыдырып.
Қоянғой келдіде мақтанды жүлынып
Міңгізіп алдыда айдады-ай құтырып
Байқамай қалдық бір тасқа сүрініп.
Қоян: Сен қашан қоясың қылықты алдаған?
Өзіңғой мінгіз деп артымнан қалмаған
Рульде мен емес сен едіңғой отырған
Маған кеп бәлені жабасың жалма жан.
Авто инспектор: Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер
Тағыда бір- біріңді тілдейсіңдер
Инспектор сынақтан өткізбесе
Бұдан кейін велигке мінбейсіңдер.
Авто инспектор: Мысығымау не болды?
Мысық: Анау жерде достарым тұр, тіл алмай тығылып,
Футбол тептік білместікпен дәл көшеге жиылып
Ескертседе тыңдамаушы ек «Жол тәртібін бұзба ден»
Жүргізуші сақ кісі қалар едік ұрынып.
Авто инспектор: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдей үміт
Арманға сапаш тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
* Түлкі , қоян , мысық енді жол ережесін сақтаймыз-ба?
* Сақтаймыз
* Балалар сендерде жол ережесін сақтаңдар.
Жүргізуші: Айналайын абайла,
Жан жағыңа қарайла.
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
Міне балалар біз сендермен жолда жүру ережесін білеміз. Жол ережесін әр қашан есте сақтауымыз керек. Жол ережесін әр қашан орындап жүрейік.
Қош сау болыңдар!
Досымова Перизат Омарқызы, «Ақбота»-« А» ересек топ тәрбиешісі, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балдаурен» б/б МКҚК