Баланың психикалық дамуындағы ойынның рөлі

Ойын әрекетінде баланың психологиялық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психолгиялық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабораториялық тәжірбие жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциалық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.
Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірбиесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келшектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол-құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Рөлді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рөлдерді алуға үйренеді. Қиялды дамудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотосын алты жасар Дамира көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған. Дамираның айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Дамира өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған рөліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімның және мінез-құлақтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандайда бір сюжетті ойнайды. Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтықтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Жүргізуші рөлін алған бала блоктарды құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рөлді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға көзқарасын ақырындап байкаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы іскерліктері қалыптасады.
Досимбекова Мадина Сагиндыковна «Мерей» КМҚК балабақшасының тәрбиешісі.