«Сүйкімді аңдар» ашық сабақ II кіші топ

Білім беру саласы: Денсаулық Тақырыбы : Сүйкімды аңдар
Мақсаты:Балаларға аңдар туралы түсіндіру Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту,Сөз қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ойөрісін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекілік; Аңдардың суреті Әдіс –тәсіл; Әңгімелеу сұрақ жауап ойындар.
Тәрбиеші; Балалар қараңдаршы, бізге бугін көптеген қонақтар келіпті.Қане балалар қонақтармен амандасып алайықшы. Сәлеметсіздерме! Здравтвуте! Good morning!
Бүгінгі ашық оқу қызыметіміздін тақырыбы «сүйкімді аңдар» деп аталады.
Жылулық шеңбер:Тәрбиеші қолына текшені алады текшенің бетінде аңдардың суретті болды . тәрбиеші текшені лақтырады текшенің бетіне қандай аңның суреті тұрса сол аңның іс-қимылын балалар салады.
Тәрбиеші; -Балалар, келіңдерші, көгілдір экран алдына жайғасып, аңдардың тұрмыс-тіршілігімен түр сипатымен танысайық.
* Балды өте қатты жақсы көреді. Ол не?
* Аюдың баласын не деп атаймыз?
* Өзі ұлиды. Ол не?
* Қасқырдың баласын не дейміз?
* Өзі өте қу. Ол не?
* Түлкінің баласын не дейміз?
* Өте қорқақ. Ол не?
* Қоян баласын қалай атаймыз?
Дұрыс тамаша, олар орманда мекендейді. Ал енді сол аңдарды өз көзімізбен көріп қайтайықшы. Көру үшін орманға саяхатқа барайық, орманға баруымыз үшін көптеген кедергілерден өтеміз. Балалар орманға да жеттік. Орманда көптеген ағаштар, шыршалар бар екен, және де саңырауқұлақтар өте көп.
Балалар, қараңдаршы, бұл не? Бұл түлкі.
https://i.mycdn.me/image?id=851645938889&t=3&plc=WEB&tkn=*lo3-dP8qMJLg4-OxHEXHHsldSykТүлкі: - Сәлеметсіңдерме балалар, сендер орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: - Орманда саяхаттап жүрміз. Ал сен не істеп жүрсің түлкіжан?
Түлкі: - Мен апамның үйіне бара жатырмын
Тәрбиеші: «Түлкі, түлкі, түлкішек!» тақпағын айтып беріңдерші
Балалар: Түлкі, түлкі, түлкішек!
Түнде қайда барасың?
Апам үйіне барамын.
Апаң саған не береді?
Ешкі сауып сүт береді,
Қой сойып ет береді.
Оны қайда қойясың?
Тал түбіне қойямын.
Ит жеп кетсе қайтесің?
Иттің аузынан аламын.
Қасқыр жеп кетсе қайтесің?
Жылай-жылай қаламын.
Тәрбиеші: Түлкіжан, сен жылама. Біздің балалардың саған арнаған силығы бар. Қәне балалар, шығармашылық даму орталығына жайғасып, силығымызды безендірйік.
Енді түлкіге силайық.
Түлкі: Рахмет сендерге. Сендер өте ақылдысыңдар. Енді менің кететін уақытым болды. Қош, сау болыңдар! Келесі кездескенше!
Тәрбиеші: Балалар саяхатымызды жалғастырайық. Қараңдаршы бұл не? Дұрыс айтасыңдар.Аю қауыпты тістеп алуы мүмкін қасына жақындамай не істеп отырғанын сұрайық. Сәлеметсің бе! Аюжан сен не істеп отырсын?
Аю:Сәлеметсіңдер ме! Балалар, мен мына құлпынайларды жинай алмай отырмын, қолдарыма ілікпей жатыр маған көмектесіп жіберіңдерші.
Тәрбиеш:балалар аюға көмектесейік құлпынайын теріп тақпағымызды айтайық.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аю: Рахмет сендерге! сендер болмасаңдар мен құлпынайды қалай теретін едім. Менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар біздіңда балабақшаға оралатын уақыт болған сияқты.Пойызбен қайтайық сапқа тұрып тақпағымызды айтайық.
Ал поравоз басқа алға
Бәрімізді басқарда
Пш-пш біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік
Гу-гу гулде қалып қойма біріңде.
Қортынды:Балалар бүгінгі оқу қызыметімізден сендерге не ұнады?
-Айя! саған не ұнады?
-Мәди! Саған не ұнады?
-Аделия! Саған не ұнады?  
Ахметова Луна Кенесовна «Шие» - «Ә» ІІ-Кіші тобының тәрбиешісі